Казахские пословицы — Мақал, мәтелдер туралы


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.











Казахские пословицы — Мақал, мәтелдер туралы / Женитьба, семья — Үйлену, отбасы

  Оригинал (124) Перевод Показы Комментарии
76 Бесіксіз үйде береке жоқ. В доме, где колыбель не качают, уюта не бывает. 1789 0
77 Ағайынның алтын сарайынан анамның жыртық лашығы артық. Чем родичей дворец золотой, лучше дырявый шалаш матери родной. 1011 0
78 Қарға баласын аппағым дейді, кірпі баласын жұмсағым дейді. Ворона беленькими называет своих воронят, еж мягонькими зовет своих ежат. 5064 0
79 Жақсы еркектің ішінде алтын ерлі ат жатады, жақсы әйелдің ішінде алтын бесікті ұл жатады. В хорошем мужчине конь с седлом золотым, в хорошей женщине сын в золотой колыбели. 2249 0
80 Әкеге баланың алалығы жоқ. Одинаковы все дети для отца. 919 0
81 Еркек дауысты әйелде ұят болмас, әйел дауысты еркекте қуат болмас. У женщины с мужским голосом нет стыда, у мужчины с женским голосом нет силы. 917 0
82 Жақсы әйел зейнет, жаман әйел бейнет. Хорошая жена — счастье, плохая — обуза. 891 0
83 Балалы үйдің ұрлыгы жатпас. В доме, где есть дети, тайн не бывает. 1794 0
84 Бәрін сыйлаған әйел елін де сыйлайды. Женщина, что мужа уважает, свой народ почитает. 998 0
85 Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті. Приказ жены своей приказа ханского страшней. 1024 0
86 Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді, Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді. Если муж рано встает, благо придет, если жена рано встанет, дело закончит. 1130 0
87 Әйелдің жолы жіңішке. Путь женщины узок. 951 0
88 Баланы — жастан, қатынды — бастан. Ребенка учи с пеленок, жену — с домашнего порога. 1338 0
89 Қыз қылығымен, жігіт — өнерімен. За джигита говорит сила его, за девушку — дела ее. 1026 0
90 Теңін тапса, тегін бер. Если дочь равного себе нашла, без калыма отдавай. 1327 0
91 Әйел ерден кетсе де, елден кетпейді. Жена, хоть и от мужа уйдет, от народа никогда не уйдет. 1116 0
92 Жалқау әйелдің төсегі түске дейін жиылмас. Женщина ленивая бывает, до полудня постель не убирает, 958 0
93 Түйе тұзға келеді, күйеу қызға келеді. Верблюда к соли тянет, а жениха — к невесте манит. 1708 0
94 Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас. Хорошая жена — друг бесценный, и собеседник задушевный. 870 0
95 Елде отыз ұлың болғанша, жаныңда жалғыз шалың болсын. Чем тридцать по свету сыновей родных, старик свой рядом вернее всех их. 848 0
96 Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді. Если жена хороша, человеком сделает плохого мужа. 1294 0
97 Екі әйел алғанның құлағы тынбас, есекке мінгеннің аяғы тынбас. Сел на ишака — покоя нет ногам, взял двух жен — покоя не будет ушам. 828 0
98 Кәрі қыз ер тандамайды, өлген ер жер тандамайды. Старая дева жениха не выбирает, умерший могилу не подбирает. 934 0
99 Еркек — бас, әйел — мойын. Муж — голова, а шея — жена. 1715 0
100 Тандаған тазға жолығар. Жениху, что привередливо невесту выбирает, плешивая жена потом попадает. 1106 0