Казахские пословицы — Мақал, мәтелдер туралы


Вы можете добавить свою пословицу. После модерации она попадет в нашу базу пословиц.











Казахские пословицы — Мақал, мәтелдер туралы / Женитьба, семья — Үйлену, отбасы

  Оригинал (124) Перевод Показы Комментарии
26 Бала жасындағысын ұмытпайды, таз басындағысын ұмытпайды. Дитя не забывает то, что в детстве замечает, лысый помнит, что у него на голове. 1016 0
27 Бала, баланың ісі шала. Ребенок дело начнет, никогда до конца не доведет. 512 0
28 Әкесі құрдастың баласы құрдас. Если отцы ровесники, то и дети ровесники. 541 0
29 Аналы баланың өзі тоқ, анасыз баланың көзі тоқ. Ребенок, у которого есть мать, всегда сыт, ребенок, у которого нет матери, лишь глазами сыт. 459 0
30 Алып анадан туады, ат биеден туады. Великан от матери рождается, а конь от кобылы. 865 0
31 Бала күлкіге тоймас, жаман ұйқыға тоймас. Дитя не насмеется, дурень не наспится. 670 0
32 Итпен ойнасаң үрерсің, баламен ойнасан күлерсің. С собакой поиграешь — по-собачьи залаешь, повеселишься вдоволь, коль с ребенком поиграешь. 416 0
33 Атаға тартып ұл тумас, анаға тартып қыз тумас. Бывает, что сын рождается на отца не похожий, бывает, что дочь не похожа на мать. 743 0
34 Баласы әкесін үйретпес. Сын не учит отца. 403 0
35 Ата-анаңды сыйласаң, көп жасарсың, сыйламасан жан қинарсың. Долго будешь жить, если родителей уважаешь, если не уважаешь, то сам страдаешь. 2132 0
36 Ердің анасы — елдің анасы. Мать мужчины — мать народа. 402 0
37 Атаның ойы балада, баланың ойы далада. Все мысли отца о сыне, все мысли сына об улице. 748 0
38 Сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма кірсін. Пусть заноза, что в пятку попала тебе, вонзится в лоб мне. 444 0
39 Ата тілін алмаған, аман болып көп жүрмес. Тот, кто не слушает отца, долго не проживет. 1012 0
40 Әкенің қадірін — әке болғанда біперсің. Когда отцом станеш, каково быть отцом узнаешь. 423 0
41 Балаңды жұрт мақтаса, бәрінен де сол сүйгі. Самая большая радость отцу, когда его сына хвалят. 714 0
42 Әкесіз жетім — құр жетім, анасыз жетім — түл жетім. Ребенок без отца — наполовину сирота, ребенок, что матери не имеет — полностью сиротеет. 576 0
43 Бес саусақтың бәрі бірдей емес. Пять пальцев на одной руке, а друг на друга не похожи все. 408 0
44 Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы. Сын хороший — хорошо на земле, сын плохой — хорошо в земле. 567 0
45 Жылауық болса да, баланың бары жақсы, бақырауық болса да, түйенің бары жақсы. Иметь бы верблюжонка, пусть даже и крикливого; иметь бы ребенка, пусть даже и плаксивого. 619 0
46 Еркенің көзі кеппес, жорғаның тері кеппес. На инохдце пот не высыхает, избалованный ребенок от слез не просыхает. 412 0
47 Өз балаң, өзекке тепсең де, кетпейді, кісі баласы, кісендесең де, тұрмайды. Хоть в грудь толкай — не уйдет сын родной, и путы не удержат, если сын чужой. 404 0
48 Балаға пышақ бермесең, бір жылар, пышақ берсең, екі жылар. Ребенок один раз поплачет, если отберешь у него нож, дважды заплачет ребенок, если не отберешь. 487 0
49 Жеті атасын білмеген — жетімдіктң белгісі. Если до седьмого колена своей родословной не узнаешь — сиротой прослывешь. 759 0
50 Ата — асқар тау, ана — бауырындағы бұлақ, бала — жағасындағы құрақ. Отец — гора, мать — у подножия горы родник, сын — на берегу того ручья тростник. 833 0